Асхана бөлмесінде неге көңіл аудару керектігі жайлы, дұрыс таңдау жасау жайлы әңгімелейміз.
Ы̲д̲ы̲с̲ ̲ж̲у̲а̲т̲ы̲н̲ ̲м̲а̲ш̲и̲н̲а̲:̲
• орнатылатын – асүй жиһазына таңдап алынатын;
• бөлек тұратын (еденге, үстелге қоятын) болады.
Ең бастысы – техниканың көлемін анықтап алайықшы, өйткені оның функционалы және оған қанша ыдыс жиынтығының сыятыны осыған байланысты. 1 ыдыс жиынтығы = 2 тәрелке (шұңғыл және жайпақ), стакан, шыны-аяқ, табақша және асхана аспаптары.
Ы̲д̲ы̲с̲ ̲ж̲у̲а̲т̲ы̲н̲ ̲м̲а̲ш̲и̲н̲а̲н̲ы̲ң̲ ̲3̲ ̲с̲а̲н̲а̲т̲ы̲ ̲б̲а̲р̲:̲
• кең көлемді. Оған 17 ыдыс жиынтығына дейін сыяды. Егер отбасыңыз үлкен болса, мұндай ыдыс жуатын машинаны батыл таңдай беріңіз. Жабдықтың функционалы орасан зор және бірнеше режимде жуады;
• жіңішке. Шағын асхана мен 3-4 адамнан тұратын отбасыға лайық, өйткені оған 8-10 ыдыс жиынтығы сыяды. Сапасы жағынан стандарттан айырмашылығы жоқ, бірақ айтарлықтай арзан түседі;
• шағын. 4-6 ыдыс жиынтығы сыяды. Бұл бойдақтар мен 2 адамнан тұратын отбасына жетеді. Орын жағынан да, бюджет үшін де ең үнемді нұсқасы. Бірақ функционалының аз екенін есте сақтау қажет.
Сондай-ақ ш̲у̲ы̲л̲ ̲д̲е̲ң̲г̲е̲й̲і̲ – маңызды фактор: шуылы аз машиналар 35−48 дБ дыбыс деңгейіне, орташа шуыл деңгейі 49−55 дБ-ға ие болады, 55 дБ-дан жоғары дыбыс деңгейі әңгімелесуге кедергі келтіреді.
Э̲н̲е̲р̲г̲и̲я̲ ̲м̲е̲н̲ ̲с̲у̲д̲ы̲ң̲ ̲ж̲ұ̲м̲с̲а̲л̲у̲ы̲. Үнемді модельдері 0,7-1,05 кВт циклінде 12-16 литр суды пайдаланады. Мұны ескеру маңызды, өйткені коммуналдық қызметке шоттар келеді ғой.
Ыдыс жуатын машинаның қалған функциялары мен режимдерін өз қалауыңызға қалдырамыз. Бірақ ыдыс жуатын машинаның тез сынатын ыдыстарға арналған «Деликатты режимі» және табаларды, кастрөлдерді және жайпақ қаңылтыр табаларды тиімді жуып тазалауға мүмкіндік беретін «Алдын ала жібіту режимі» болса жақсы.
Негізгі тармақтармен таныстық. Енді Kaspi.kz-тегі Магазинге кіріп, пікірлерді, бағаларын салыстырып, нақты модельдерді көретін де уақыт келді: https://goo.gl/4e1O1k .
Тауарды өзіңізге ыңғайлы болатындай етіп, 3 айға бөліп төлеп, несиеге немесе қолма-қол ақшаға сатып алуға болатынын есте сақтаңыз.
Саудаңыз сәтті болсын!
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев