• 12 % теңгедегі сыйақының тиімді мөлшерлемесі (номиналды мөлшерлеме — 11,4 %)
• 1,5 % АҚШ долларындағы сыйақының тиімді мөлшерлемесі (номиналды мөлшерлеме — 1,5 %)
Біз осы өзгерістерге байланысты маңызды сұрақтарға жауап беруге тырыстық:
1. Егер менің қолданыстағы депозитім бар болса, мөлшерлеме өзгере ме?
Жоқ. 2016 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін ашылған депозиттер бойынша мөлшерлеме Депозит шартына сай депозит мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2. Егер менің депозитімнің мерзімі аяқталып қалса, мерзім автоматты түрде ұзартылған кезде қандай мөлшерлеме болады?
Kaspi Депозиттің мерзімі автоматты түрде ұзартылған кезде жаңа мөлшерлеме қолданылатын болады. Еуродағы Депозиттер бойынша ақша ағымдағы шотқа аударылады.
Kaspi Депозитіңіз бойынша мөлшерлемені Kaspi.kz сайтынан тексере аласыз.
3. Депозит бойынша мөлшерлеменің өзгеруімен бірге Kaspi Депозиттің басқа талаптары өзгере ме?
Жоқ. Депозиттің қалған барлық талаптары сақталады және өзгеріссіз қолданылады. Ең аз толықтыру сомасы бар болғаны 1000 теңге, 10 АҚШ доллары. Депозиттің ең аз мерзімі 1 ай. Депозитті толықтырған сәттен бастап 15 күннен кейін сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта және комиссиясыз кез келген соманы алуға болады.
Kaspi.kz Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе перечислят 20 миллиардов тенге для помощи казахстанцам, пострадавшим при паводках.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев