Kaspi.kz London Stock Exchange (LSE) (Лондон қор биржасында) және Astana International Exchange (AIX) (Астана халықаралық биржасында) акцияларды жария орналастырудың (IPO) сәтті өткізілгенін хабарлады.
Kaspi.kz IPO-сы биыл London Stock Exchange (Лондон қор биржасында) көлемі бойынша екінші ірі болып танылды, ал бүкіл Еуропада төртінші болды.
Ұсыныстың бастапқы бағасы бір жаһандық депозитарлық қолхат (GDR) үшін $33,75 деңгейінде белгіленді, бұл компанияның $6.5 миллиард нарықтық капиталдандыруына сәйкес келеді. Сауда-саттықтың бірінші күнінің нәтижесі бойынша Kaspi.kz-тің құны 20%-дан астам өсті.
Kaspi.kz-тің басқарма төрағасы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
«Біз әлемнің ең беделді және ірі инвестициялық компанияларын Қазақстанның және Kaspi.kz-тің инвестициялық тартымдылығына сендіргенімізге қуаныштымыз. Біздің сәтті өткен IPO-мыз Қазақстанды әлемдік инновациялар картасына шығаруға және әлемдегі ірі инвесторларға еліміздің қарқынды цифрлық трансформациясына қатысуға мүмкіндік береді. Сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту туралы миссиямызға сәйкес біз еліміздегі ең танымал Kaspi.kz үздік қосымшасын одан әрі дамытып, клиенттерімізге, серіктестерімізге және Қазақстанға одан да көп пайда әкелеміз».
Kaspi.kz-тің директорлар кеңесінің төрағасы және тең құрылтайшысы Вячеслав Ким былайша атап өтті:
«Kaspi.kz-тің тарихы он жылдан астам уақыт құрылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің адал әрі керемет талантты командамыздың әр мүшесіне компанияның табысқа жетуі жолында басты рөл атқарғаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз әу бастан елді цифрландыруда алдыңғы қатарда болдық. Қазақстанда мемлекет инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Осының арқасында бізде Kaspi.kz сияқты инновациялық және технологиялық компаниялар пайда болады. Біздің сәтті өткен IPO-мыз Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтеріп, басқа қазақстандық компанияларға әлемдік капитал нарықтарына шығуға мүмкіндік береді деп сенеміз».
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 4