Асау-Барақ батыр аталарға зиярат етіп барған болатынмын. Аталарға зияратымыз қабыл болғай. Айтайын дегенім атаның қасындағы Тұрыш ауылының азаматтарымен сөйлескен едім. Тұрыш ауылының халқы атаға апаратын жолды салуды тоқтатып тастаған екен. Себебінде түсіндірді. Әк топырақпен жол салғасын ауылымызға шаңы борап мазамызды қашырды деп отыр. Біз әк топырақпен жол салғанына қарсымыз деп отыр. Ауыл халқы аталарға апаратын жол салғанына қарсылығымыз жоқ, бірақ әк топырақ төсеп шаңғытқанына қарсылығын айтты. Сосын шырақшымен сөйлестім. Қысқа көмір отыны жоқ екен. Газ, свет жоқ. Тілеухананың ішкі ремонттын түгел күрделі жұмыс жасау керек. Тілеухананың іші ескірген тозған. Барып жүрген ағайындар көрген шығар. Қыста жылытатын пешінде жаңарту керек. Сосын тілеухананың құжатыда жоқ сияқты. Құжаты болмағасын газдыда тарта алмаймыз екен. Тек Ас бергенде аталарды іздемей барлық Табын ағайындар болып Лабақ, Қаражон, Жалпақтіл т.б. деп бөлінбей, бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып ауызбіршілікпен қаражат шығарып тілеухананың ішін ремонттап беруіміз қажет деп ойлаймын. 2-3 жылдықта Бейнеу-Сексеуіл тас жолы салынады. Тұрыш ауылының үстімен тегіс тас жол салынғасын, көптеген ағайындар аталарға тоқтап зияраттап баратыны сөзсіз.


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев