03:07
Тәуелсіз қайран жан далам! Жер бар ма жалпақ төсіңде Қасірет жасы тамбаған?! Толқимын-дағы тоқталам, Тоқтамай кімдер өтті аман? Ардағын қимай қазақтар Қай жерге күмбез соқпаған?! Құстары көлде шулаған, Тұлпары белде тулаған. Тулары биік желбіреп, Қандай бір әндер тумаған?! Жауына қатты қасарған, Қасарған сайын жасарған. Найзамен Нағыз қазақтың Намысын кімдер баса алған?! Өтпеген қанша қамалдан, Қамалдар шыққан тағы алдан. Несібі жомарт қазақтың Есігін кімдер жаба алған?! Жатты да кейде бауыр дер, Жақсы қыз бенен жалынды ер Жиын той болса — бәрі ақын, Жау тисе, түгел — жауынгер! Аударып жұрттың назарын, Бардың да көрген базарын, Жоқтың да көрген азабын, Даладай дана қазағым!