Шәмші Қалдаяқов. Аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор. Бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың, қайнаған ортасына шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болған бірегей өнер иесі. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл мерей тойына орай « Бір әннің тарихы» атты өнер сағатын назарларыңызға ұсынамыз.