Оқушылар теолог мамандардың дәрісін тыңдады — Қазақстан Шымкент.
Шымкенттегі химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінде «Діни экстремизм және оның радикалды идеялары» атты семинар болып өтті. Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасына қарасты әлеуметтік бастамалар орталығының мамандары оқушыларға дәріс оқып, дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына түспеудің амал-қарекетін айтты. Семинар-кеңеске 700-ге жуық оқушы қатысты. Теолог мамандар діни ұйымдардың көпке көріне бермейтін көлеңкелі тұстарын нақты мысалдармен келтірді. Кітап ұсынып, қатарына тартқысы келетін секталардың арбауына түспеудің әдіс-тәсілдерін түсіндірді
Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации