«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жыл сайын қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары таңдалып, көпшілікке кеңінен ұсынылады. Осы акция аясында халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы жыл кітабы болып таңдалды. «Тағдыр» романы – тарихи сананы қалыптастырып, отансүйгіштік пен ұлттық рухты нығайтатын маңызды әдеби туынды. Акцияның негізгі мақсаты – Қабдеш Жұмаділовтың бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты көркем әдебиетті оқуға баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Топар кенті кітапханасының абонементінде Қабдеш Жұмаділовтың шығармасына арналған «Жыл кітабың бірге оқимыз» атты тақырыптық сөресі ұсынылып отыр.
Барша оқырмандарды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысып, Қабдеш Жұмаділовтың тағылымы мол шығармаларымен танысуға шақырамыз!