Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.
Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған тілдер апталығы бойынша іс –шаралар қаламыздағы мәдениет және білім ошақтарында жалғасын табуда. Сондай шараның бірінде біз куә болып қайттық. «Ивушка» бала –бақшасында «Үш тіл-үш тұғыр» фестивалі өтті. Шарада №1 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Сұлтангеерева сөз алып, жиналғандарға айтулы күннің маңыздылығы
мен Елбасы жүктеп отырған міндет: Үш тұғырлы тілді меңгеріп, бәсекеге қаблетті ұлт жастары бола білу керектігін айтып мерекемен құттықтады.
Қазақ жерінде 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрады. Міне, осы түрлі ұлт өкілдері киімдерін киіп шыққан юалғын балалар ән айтып, би биледі ұлттық ойындар ойнады. Жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Арнайы шақырылған қонақтар шара соңында бүлдіршіндермен ұстаздарын меркемен құттықтап, өз тарту таралғыларын ұсынды. Атап айтқанда лисаков қалалық тілдерді оқыту орталығынан Баикина Тұрсынгүл балақайларға танымдық «Балапан» журналын үлестіріп берді. Ал өз кезегінде қалалық білім бөлімі өкілі Сұлтангеерева Нұргүл Серікбайқызы «Мұрагер», «Ивушка», «Дельфинчик», «Улыбка»
бала -бақшасына фестивалге қатысқан үшін мадақтама мен ақшалай сыйды табыс етті. Тіл апталығы фестиваліне мектеп алды даярлық тобының балалары қатысып отыр дейді «Мұрагер» бала бақшасының қазық тілі пәні мұғалімі Әлімбаева Роза Құсманқызы.
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір
сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық
қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу әр қазақстандықтардың парызы.
#музыка
Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации
Нет комментариев