2022 жылдың 11 желтоқсанында «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығында» «Теңіздегі шытырман оқиғалар» атты қызықты квест ойыны өтті. Бұл шара Павлодар облысының Полиция департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Облыстық Ардагерлер бірлестігінің, Әскери-теңіз күштері мен еріктілері қолдауымен өтті.
Орталық тәрбиеленушілерінен құралған теңіз командасы, станциялар бойынша саяхат жоспары көрсетілген маршрут парағын алды. Маршруттық парақ бойынша балалар өз станцияларына жол тартты. Станцияға келген ұлдар мен қыздар тапсырмаларды орындап, бір-бірімен ынтымақтастықта болуға, тапсырмаларды ұжымдық түрде орындауға, бір-бірін жақсырақ білуге үйренді. Балалар үзіндідег