Талант бауырым сағыныш жүректі сыздатып, көздегі жасты тоқтату қиын екен АЛТЫНЫМ..................................
ӘР бауырдың орны бөлек екен қыз балаға.
Бір сағыныш
Бір сағыныш жанымды мазалаған,
Күйініштен кей сәтте азады адам.
Көңілімді баурайды беймәлім күш,
Тағдыр ма, әлде сезімді жазалаған.
Бір сағыныш бар менде басылмаған,
Өмірімнің беті бар ашылмаған.
Сағыныш-ай, жүйкемді діңкелетіп,
Күн нұрындай шуақ боп шашылмаған.
Бір сағыныш сағым боп қол бұлғайды,
Күліп тұрып кей адам көп алдайды.
Тағдыр атты арғымақ желіп жүріп,
Әр пендеге өзінше сый жолдайды.
Бір сағыныш жырым боп жырланатын,
Бір сағыныш мұңым боп мұңданатын.
Бір сағыныш әуелеп көк жүзінде,
Қағатындай дамылсыз қос қанатын.
Бір сағыныш өңімде, түсімде де,
Бас иемін өзімді түсінгенге.
Тірлігімнен баз кештім біраз уақыт,
Дауа таппай жаныма күрсінгенде...
Бір сағыныш көңілді