Кенесарының баласын сынауы
Кенесары бірде Жапар, Тайшық, Ахмет, Омар, Оспан, Әубәкір, Сыздық, Жәкей атты сегіз ұлының бірі бес жасар Сыздықты ертіп ақ ордасынан шығыпты. Үстінде түйе жүн жеңіл шекпен, кішкентай кездікті былғары қыналы белінде күміс белбеу. Сыздық тұрымтайдай шапшаң, Кенесарының аузынан түскендей ақ сары бала. Әкесі бұны өзге ұлдарынан жақсы көреді. Тентек, кішкентайынан жау жүрек, пышақ, таяққа үйір-ақ.
Есік алдында анандай жерде тұрған Жүсіпті (хан Кененің қол астындағы сыйлы адам-авт.) көрді де:
— Жүсеке, жүріңіз, ауыл сыртына шығып азырақ серуендеп қайтайық, — деді Кенесары қой мініп ойнағысы келіп тұрған Сыздықтың білегінен ұстап жібермей.
— Мақұл.
Жауға аттанғанд