Жан жарыңды алдама!
Жан жарыңды ешқашанда алдама,
Ол жайында талқылама талдама.
Пәк сезімін кірлететін өзгемен,
Жүрегі жоқ, жүрегі тас жан ғана.
Қидырған соң серт байласып некеңді,
Тағдырыңа қоса көрме бөтенді.
Қу нәпсіңнің кесірінен түбінде,
Екі жаққа айырасың екі елді.
Ажырасу - берген емес еш пайда,
Соны ұғып түсінетін ес қайда.
Адал болсаң махаббатқа мәңгілік,
Сүйген адам кете қоймас ешқайда.
Мен айтайын сені сүйген адамды,
Ең бірінші құрметтейді Анаңды.
Бар сырыңды қабағыңнан түсініп,
Үйде күтіп бағып қағар балаңды.
Мен айтайын сені сүймес пендені,
Қалтаңдағы сенің ақшаң сенгені.
Кім болсаң да ол жан үшін бәрібір,
Ең бастысы пайдалана бергені.
Айтшы, енді, өзің үшін кім артық,
Қай