Өнерлі адам, ақын ағам, Аңсаған.
Адамдық пен тек адалдық тән саған.
Сіз жасаған жәдігерді қызықтап,
Тамашалап ләззат алды қанша адам.
Қолға қалам алса не бір жыр туған.
Өн бойыңда не бір қиял сыр тұнған.
Біздер үшін үлгі және мақтаныш
Аға, сенің шуақ шашқан нұр тұлғаң.
Қиял ғажап әлем болған баршаға,
Әр мүсінде еңбек жатыр қаншама.
Шабытыңа шабыт қосып тағы да,
Ақын аға, шарықтай бер, шаршама.