Өткен жұма күні Петропавл қ. Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының мәжіліс залында профессорлық-оқытушы құрамның, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және офицерлердің алдында сөз сөйлеп, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгертулер туралы ақпараттандырды. Полиция майоры бірнеше баптар әкімшілік разрядынан қылмыстық разрядқа өткенін атап өтті. Сонымен, жаңа өзгерістерге байланысты, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК айыппұл немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, немесе 50 тәулікке қамауға алу қара