Айтып келмейтін апатқа тап болған Ақтөбелік ағайын үшін жүрегім ауырып тұр. Алла өзі жар болсыншы!
Ақтөбеге.
Су астында қалып жатқан, Ақтөбем,
Бұл мұңыңды бөлісейін хатпенен.
Басқа түскен жағдайыңды сұрасып,
Аралайтын көкелер жоқ атпенен.
Енді кімнен көмек болар, япыр-ау,
Болмаған соң билік жатқан бақылау.
Шетелдіктер бізді сынап кетер деп,
ЭКСПО дан қолы тимей жатыр-ау?
Жə, жарайды, Алла өзі сақтасын,
Ел аман боп ерлер сенім ақтасын.
Елбасымыз бұл жағдайды естісе,
Бұрады деп үміттенем ат басын.
Бес күндікте тыныш өтпес бес күнім,
Еу, Ақтөбем, жоқ демеші ешкімім.
Үйсіз қалған тұрғындарың мектепте,
Тұрып жатқан жайды бүгін естідім.
Естігенде көзімнен бұл жас ақты,
Енді