Жаралдың кім үшін? Қай жанның гүлісің? Көрдім де өзіңді,Тарылды тынысым. Үмітім тілегім, Бір сен деп білемін, Кеудеме сыймайды дүрсілдеп жүрегім. Қайырмасы: Жаным жаздай, сөзің балдай. Қарай берем көзімді алмай. Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған, Үмітім гүлім солдырма күнім, Аяулы арман. Қойсаңда күттіріп, тосамын тік тұрып, Мөп мөлдір көздерің, неткен нұр тұп тұнық. Сен бір гүл, мен бұлбұл, шалықтап нұрлайын. Мәңгілік бақытым, тек сені жырлаймын. Қайырмасы: (3 рет) Жаным жаздай, сөзің балдай. Қарай берем көзімді алмай. Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған, Үмітім гүлім солдырма күнім, Аяулы арман.


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 1