Ой тастарлық бұл әңгімені жазда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне барғанымызда немересі Қажымұқан ағайдың аузынан естіген едім. Мәшһүр Жүсіп атамыз "Қаралы үйден тағам алып, соны үйіне апара жатқан адам өзімен не әкетіп бара жатқанын білер ме екен? Бір шаңырақта адам о дүниелік болып жатқанда, сол шаңырақтан түйір дәм алу жақсы нәрсе емес. Себебі, қаралы үйден шыққан тағамнан қан тамшылап ағып тұрады. Ал қан тамшылап тұрған тағамды үй-ішіңе апарып жегізу-сол қаралы үйде болып жатқан қайғыны өз шаңырағыңа да жұқсын деп тілегенмен бірдей" деген екен. Ұлы Абай әулие деп қасиетін бағалаған Мәшһүр Жүсіптің өз заманында айтқан осы бір ауыз сөзін қазіргі замандастардың біле жүргені абзал.