Бұл әлемде "сезім" барын ұғынтқан, Жүрегімнен орын алған киелім! Өзгелерге иілмеген басымды, Сезесізбе?Сізге ғана иемін! Күні-түні Сіз туралы ойланып, Ғұмырымымда бір-ақ қана сүйгем-ді. Хақ Тағала өлшеп берген ғұмырда Сізді ғана жырлап өткім келеді! Суық күнде жүрегімді жылытқан, Тағдырымның сыйы едіңіз кезіккен, Басқаларға иілмеген басымды, Сізге ғана иетінім несі екен?! Екеумізді екі соқпақ тұр күтіп, "Сізді ұмытам, өз жолыммен жүремін. Өзгелерге ғашық болам" деп жүріп... Сізбен бәрін салыстырып келемін. Сізге арнап өлең жазу бұйыртқан, Күнә болар, қу тағдырға көнбесем. Не болса да, "тәуекел" деп бассам ба... Құрып кеткір телефонның пернесін?