Шілденің 25 күні Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Неждановка елді мекенінің бұрынғы тұрғындары алыс- жақыннан жиналып, бір жылқы сойып, ет-қымызын, құрт, май-қаймағын, сары бауырсағымен, қауын- қарбызымен, кәмпит- шаймен дастарқан жайып, сол жерде жатқан ата- бабалардың, ата- аналарымыздың аруақтарына құран бағыштап, барша әруақтарға үлкен құрмет көрсетілді.Бұл рухани, адами тәрбие және үлкен міндет біз үшін. "Әруақ разы болмай, тірі байымайды"- дейді қазақ. Ендігі айтарым, жер жәннаты сияқты сұлу да әсем табиғаты бар сол жерде тұрып кеткен тұрғындардың қонақжайлығы, ауызбіршілігі, мінездері жайсаң, ақкөңіл тамаша адамдар. Сіздерге алғысым шексіз, бөліп жармай, біз сияқты ұзақта