Қыпшақ шежіресі
21
Бұрынғы қариялар Орта жүзді: «Жеті арыс», - деп сөйлейтұғын: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты. Қыпшақтан Шулым (Шойым) алып, мұнан Ақкөбік алып, мұнан «Мүйізді Сары» алып, мұнан - Тоқтар, мұнан - Қобыланды.
«Қара, Сары, Қытай, Еділ, Жайық» - атанған аталары бар: «Бесеуі бір туысқан», - деседі. Кімнен туып, өсіп-өнгенін айырып білуші болмады. Бұрынғылардан айтылып жүрген бір сөз бар еді: «Қыпшақ бұзады, Арғын түзейді», «Қыпшақтың Қарасы ашуланшақ, омырау келеді; Сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді». «Жақсы кезеңге таласады, // Жаман отыратын орыннан адасады. // Жақсылар басын қосқанда, әңгімені кезек-кезек айтса, сонда жарасады!» «Екі жақсы ірікпес (ері