Маған көңіл айтыңдар...
Жыр жазамын бар деп мені жан тыңдар,
Бұл жолдарда жүрек қозғар көп мұң бар.
Жеңілдігі болар ма екен, әй, қайдам...
Көрген сайын маған көңіл айтыңдар.
Арайланып алтын таңдар атқанда,
Күн әлемге күліп шуақ шашқанда,
Сол шуақтан қуат алып жатсам да,
Маған көңіл, маған көңіл айтыңдар...
Көкжиекті қызартып ал бояуға,
Дәу шырағым батуға қалған таяуға,
Ақ қайың қалғып, бәлкім, ояу ма, –
Жұбатпаңдар , – маған көңіл айтыңдар...
Тарихымды бабам тасқа қашап еді,
Уа, еңсесін көтерген Қазақ елі!
Ұлы даланы көркейтер ғажап елі!
Бүгін енді маған көңіл айтыңдар...
Асқар таулар киген ақ тақиясын,
Оқ жетпейтін қатпарланған қия-шың,
Құз-шатқалдар салған қыран ұясын,
Күрсіні