The real gap
13 Sept 2019
«The real gap» жобасының жаңа шығарылымының қонағы танымал вайнердің жұбайы және жұбайының әріптесі, төрт баланың анасы, бизнесвумен – Дана Есеева. Бұл шығарылымда іскер әйелдің бизнеске келуі, вайнға түсу себебі, ұрлықшыға тап болғаны, бала тәрбиесі жайлы тақырыптар қозғалады. Ендеше, өз оқырмандарын әзілмен күлдіртіп, талайды тамсандырған Дана Есееваның сұхбатын аяғына дейін тамашалап, төменде ойларыңызбен бөлісіңіздер👇 Сіздердің әр пікірлеріңіз біз үшін маңызды ☝ #Therealgap #ДанаЕсеева
The real gap
6 Sept 2019
The Real Gap жобасының кезекті шығарылымында қонақта танымал продюсер, қазақ телехикаяларының мамасы, осы саланың жілігін шағып, майын ішкен - Гүлнұр Мамасарипова. Аталмыш сұхбат көпшіліктің көңілінен шығады деп сенеміз. Өйткені, бұл шығарылымда қонағымыз Гүлнұр Мамасарипова тұрмысқа шығудың құпияларымен бөлісіп, отбасын сақтап қалудың бірнеше принциптерін түсіндіреді.  Сондай-ақ, әйелдер қауымына арналған біраз сырдың басын ашады. Олай болса, шығарылымды аяғына дейін тамашалап, YouTube арнам
The real gap
16 Aug 2019
«The real gap» жобасының жаңа шығарылымының қонағы «Қазақстан барысы», қазақ күресінің дамыту қорының төрағасы, қоғам қайраткері – Арман Шораев. Кезекті шығарылымда жастар білімі, пара және билікке қатысты тақырыптар талқыланады. Шығарылымды аяғына дейін көріп, арнамызға жызылып, лүпіл басып, төменде ойларыңызбен бөлісіңіздер! #Therealgap #АрманШораев #ПеризатМырзахмет #НұрболханШарапов
The real gap
9 Aug 2019
The Real Gap жобасының кезекті қонағы танымал шоумен, әзілкеш, «Қызық times» бағдарламасының жүргізушісі – Марат Оралғазин. Аталмыш шығарылымда қонағымыз «Қызық тimes» жобасы жайлы, қазіргі уақыттағы трендтер мен желідегі сауатсыздық туралы сөз қозғайды.  Ендеше, назарларыңызға ұсынылған шығарылымды соңына дейін тамашалап, лүпіл басып ♥ төменде ойларыңызбен бөлісіңіздер. 👇 Сіздердің әр пікірлеріңіз біз үшін маңызды!
The real gap
9 Aug 2019
Бүгінгі күннің қонағы танымал продюсер, шоу-бизнесте ойып тұрып орын алатын Баян Алагузова. Негізгі қозғалатын тақырып феминизм, әйелдер құқығы, қазақтың отбасы институты. #БаянАлагузова #НурболханШарапов #ПеризатМырзахмет
The real gap
The real gap
. The group cover has been changed
15 May 2019
Show more
About page
Құрметті көрермендер, сіздердің назарларыңызға «The Real Gap» атты су жаңа бейне-подкастты ұсынамыз. Жоба жүргізушілері Сауле Абединова мен Перизат Мырзахмет қонақтардың айта алмай жүрген сырларын ашып, оларды жаңа қырынан танытады.