IV-бөлім
5.Тобыштан - екі бала: Ораз, Бегей. Ораздан - екі бала: Жайық, Шегем-Еділ ( Қараштың әкесі). Жайықтан - Әлмембет. Әлмембеттен - бес бала: Зорбай, Табынай, Шоңай, Бәубек, Қожа. Зорбайдан - бес бала: Тоқабай, Құл, Жаңай, Төлеке, Өтеғұл. Табынайдан - үш бала: Арыстанбай, Табылды, Дауылбай. Шоңайдан - үш бала: Тоқсанбай, Бөгенбай, Боқай. Тоқсанбайдан - алты бала: Даң, Монша, Қожагелді, Жарық, Мырзаш, Көшен. Бөгенбайдан - үш бала: Сасық, Қожан, Қайып. Боқайдан - үш бала: Қарақойды, Көндік, Кенжебай. Бәубектен - алты бала: Бөрібай, Тойсары, Малтабар, Құлшақай, Жарас, Құдас. Тоқабайдан - екі бала: Өміртай, Байболат. Құлдан - төрт бала: Қыдыралы, Бердалы, Сералы, Бегеш. Жаңайдан - бес бала: Қожаназар, Әлі, Тасым, Рысбай, Тоян. Төлекеден - төрт бала: Қамысбай, Күмісбай, Қаржау, Дорал. Өтеғұлдан - бес бала: Арат, Үмбетай, Өмірзақ, Әбет, Жадира. Қожаназардан - жеті бала: Түнғатар, Шонты, Есберді, Таған, Қошан, Сәркен, Шомақ. Бегейден - Хадырқұл. Хадырқұлдан - үш бала: Малай, Қосаяқ, Қозыбақ. Шегемнен - бес бала: Сырлыбай, Бабық, Жаубасар, Ожау, Қараш ( Қараштың әкесі Еділ өлгеннен кейін, шешесі жонғарларда кетіп, баласын алып қайтқан). Сырлыбайдан - екі бала: Қоқан, Шағыр. Қоқаннан - бес бала: Жайылхан, Шың, Болат, Шәртікен, Меңдібай. Жаубасардан - екі бала: Қаржау, Төлеген. Ожаудан - екі бала: Қызыл, Қоңыр.
6. Мұңалдан - төрт бала: Әли, Жаулы, Шоғы (Қырықмылтық), Бәйімбет. Әлиден - екі бала: Алақұнан, Қошқар. Алақұнаннан - бес бала: Жайлау, Жайнақ, Шұнақ, Сумақ,..? Алақұнан жөнінде айтылатын сөз бар. Алақұнан Сыр бойынан ел көшкенде әке-тумаластарынан бөлініп, Сыр бойында үйленіп қалған дейді. Алақұнаннан туған балалардың тұқымдары осы кезге дейін Сыр бойында, Шымкент облысының бірнеше аудандарына тұрақтанған. Олардың көпшілігі Арыс, Абай, Сарыағаш, Шардара және бұданда басқа аудандарында тұрады деп айтады. Қошқардан - төрт бала: Абыз, Жанғазы, Серең, Наурыз. Абыздан - үш бала: Есенәлі, Сүгірәлі, Дербіс. Есенәліден - үш бала: Құттыбай, Құйқа, Мырза. Сүгір-әліден екі бала: Айдар, Шанан. Жаулыдан - үш бала: Жары, Ескелді, Қосқұлақ. Жарыдан -сегіз бала: Дәулеталы, Жетімек, Мұрат (Кеще), Мете, Базар, Назар, Тоқтамыс, Бектеміс. Назардан - төрт бала: Тастемір, Майлан, Шотан, Құдайберген. Ескелдіден - екі бала: Игілік, Жақсылық.. Қосқұлақтан - үш бала: Төленді, Тоғызақ, Жаналы. Шоғыдан -екі бала: Есекей, Жолай. Шоғы жөнінде айтылатын бір ауыз әңгіме бар. Жаугершілік заманы болса керек, бір күні қазақтың басты ақсақалдары Шоғының аулына бір адамнан хабар жіберіп, Шоғыға барып айт, жақында жауға аттанамыз, жауға аттанатын қанша жігіті бар, соны біліп кел десе керек. Сонда Шоғы тұрып, біз дайынбыз, біздің ауылдан қырық жігіт, қырық атымен, қырық мылтығымен жауға аттанады дейді. Міне осы хабардан кейін Шоғы Қырықмылтық атанып кетсе керек. Бәйімбеттен - төрт бала: Алдаберген, Сабытай, Байсейіт (Рсай), Жәдігер. Алдабергеннен - Райымберді. Райымбердіден - үш бала: Жанақ, Боқсары, Текей. Жанақтан - төрт бала: Болат, Тілек, Батық, Алдамжар. Болаттан - төрт бала: Егдір, Өте, Мойнақ, Жабас. Егдірден - төрт бала: Байқұл, Жанқұл, Жездібай, Жұмабай. Текейден - бес бала: Әтембек, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Әнет. Әнеттен -алты бала: Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Қоштан, Төлеп. Сабытайдан - екі бала: Жандай, Медет. Жандайдан - бес бала: Боққара, Көрпе, Сегізбай, Сарболат, Сүгірәлі. Боққарадан - екі бала: Байбоз, Жанбоз. Байбоздың нағашысы Тіней Тәңірберген деп айтады. Жанбоздан - бес бала: Өтеулі, Матай, Шоқа, Айым, Жаманқара. Өтеуліден - бес бала: Тымғара, Телғара, Ұзақ, Боздақ, Сандық. Матайдан - он бала: Ботағара, Қуандық, Сүйіндік, Төлес, Өтеген, Мыңжасар, Көпжасар, Мыңбай, Онбай, Жүзбай. Матай екі әйел алған дейді. Бірінші әйелі Қаратоқай Беріштің қызы, бес ер балалы болғаннан кейін дүние салған. Екінші әйелі де осы әйелдің немере тумасы болған, бұдан да бес ер баласы болған. Матай бұл балдызына да қыздай үйленген. Шоқадан - үш бала: Бекқұлы, Жанқұлы, Жантай. Айымнан - жеті бала: Қобылан, Жолбарыс, Арыстан, Қоңызақ, Қырымқожа, Ермек, Кенжек. Айым да екі әйел алған дейді, осы жеті бала екі әйелінен болса керек. Жаманқарадан - сегіз бала: Тілеумен, Теленбай, Тілеп, Тілеміс, Көтенбай, Есенгелді, Амантұрлы, Бектұрлы. Жаманқара да екі әйел алған дейді. Кіші әйелінен екі бала болған. Байбоздан - он бала: Жылгелді, Бигелді, Арықбай, Өте, Молжігіт, Шолпанғұл, осы алтауы бәйбішеден. Байбоздың тоқалы Айданадан (қожантай Төбеттің қызы) - төрт бала: Қамыс-бай, Күмісбай, Дауылбай, Дауыл. Бұл төртеуі шешесінің атын айтып, өздері Байбоздың Айданасымыз деп кеткен екен дейді. Көрпеден - үш бала: Аралбай, Маңғыбай, Түменбай (Күйік). Аралбайдан - төрт бала: Боби, Бобан, Парахат, Сырлыбай. Маңғыбайдан - төрт бала: Байсал, Қылыш, Ырғыз, Торқа. Түменбайдан - екі бала: Бекбаулы, Жанбаулы. Сегізбайдан - екі бала: Қосбармақ, Күшік. Сарболаттан (Байпақ) - үш бала: Елубай, Кешубай, Хаматай. Сүгірәліден - екі бала: Аққошқар, Ақкете. Медеттен - екі бала: Жайбол (Батыр), Байбол. Байсейіттен - Рсай (Сарқасқа). Жәдігерден - төрт бала: Оразбай, Нұрбай, Қалпақ,..
Он екі ата бай ұлына мыналар кіреді: Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Тана (Сұлтансиық балалары), Ысық (Бақтысиық баласы), Шеркеш, Шенеш (Қыдырсиық балалары), Жаппас, Есентемір (әкесі Ата), Беріш (әкесі Естай), Таз (әкесі Қалпақ), Адай (әкесі Елтай)
(Ақжігіт тұрғыны Сайын Баймұңаловтың және Қоңырат қаласы тұрғыны Қожағұл Жеменей Бисен Өтесінұлының нұсқалары)
P.S. Шежіре нұсқасының дұрыс немесе аталықтардың сәйкес келмеуіне топ жетекшілері жауап бермейді. Дұрыс деген нұсқаңызды жариялаңыз. Пікір жазғанда жеке басқа тиіспеуіңіз ескертеміз!. Ескертуге құлақ аспасаңыз пікіріңіз өшіріліп, өзіңіз топтан шығарыласыз!
Join OK to subscribe to the group and comment on posts.
No comments