«Адамгершілік пен рухани тазалық» тақырыбында дебат турнирі
Қаңтар айының тоғызы күні, Мичурин негізгі орта мектебінде ұлы ақын, философ, ойшыл, дана, хакім Абай Құнанбайұлы мен философ, социолог, музыка зерттеушісі, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби жайында «Адамгершілік пен рухани тазалық» тақырыбында дебат турнирі 9 сынып оқушылары арасында өтті.
Мақсаты: Екі ұлы дана бабалар жайында білімдерін кеңейту. Әл-Фараби мен Абай ақын арасын жалғастырар дүниетанымдық көзғарастарының үндесуі, кейбір идеяларының бір-біріне тіл қатып тұрғандығы, байланыстылық болғандығын түсіну. Оқушылар ойшылдар жайында ойларын ораға салып, даналар шығармаларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы сұрақтар қойып, тол