Әлқожа отбасында Розаға дейін бала тұрмаған. Бір перзентке зар болған ата-анасы тіпті ажырасуға да бекінген екен. Сол жылы анасының құрсағына болашақ әнші Роза Әлқожа біткен. Алайда тексеріп, диагноз қойған дәрігерлер іштегі сәбиді өліге балап, алып тастамақ болыпты. Сонда ескіліктен хабары бар әжесі дәрігерлер сөйлей береді, Ташкент жақта бір ишанға көрсетеміз деп, келінін ауруханадан алып кеткен. Сөйтіп, енесінің ақылымен, молдаға қаралған келіні Роза есімді қыз баланы дүниеге әкелді. Осылайша, Розаның артынан бес бала дүние есігін ашты. Бір қызығы, молда әлі ішке бітпеген қыздың өзіне Рамазан айында туылады, есімі Роза болсын деп, дүниеге келмей жатып ат қойған екен. Отбасының тұңғышы