Артық төленген соманы қайтарып алудың жолдары қандай? Әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарды кім сақтандырады? Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады? Медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері келер жылдан бастап енгізілетін міндетті сақтандыру жүйесіне қатысты осы және өзге де сұрақтарға жауап береді.
Қордың Алматы қалалық филиалы таратқан хабарламаға сүйенсек, филиал қызметкерлері тұрғындарды апта сайын Еңбекпен қамту орталығында күтеді.
Алматы қаласы бойынша консультациялар әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін, Назарбаев даңғылы, 50 үйде өткізіледі. Сондай-ақ, ақыл-кеңес сағаты бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында қала әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлімінде (Абай даңғылы, 90) жалғасын табады.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев