Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жетті.
Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.
Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев