Свернуть поиск
Дополнительная колонка
Правая колонка
"Бұл Егемен Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басы. Біз Үдемелі прогрестің, саяси және экономикалық реформалардың, ауқымды жаңғыртудың магистральдық жолына түсеміз.
Бұл күн саяси жүйенің түбегейлі қайта құрылуын, мемлекет пен азаматтық қоғамның негізгі институттарының трансформациясын білдіреді",-деп атап өтті Біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Жаңа Конституцияда барлық азаматтар үшін сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмектің кең көлеміне кепілдік беріледі. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігі мемлекеттік саясаттың сөзсіз басымдығы болып қала беретінін білдіреді.
Негізгі заң денсаулық сақтауды қаржыландыру тетіктерін бюджет пен сақтандыру активтерімен шектелмей кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын бекітеді.
Жаңа Конституция Денсаулық сақтау саласындағы бірнеше негізгі бағыттарды күшейтеді:
- алдын алу және қоғамдық денсаулық басымдығын нығайтады;
- азаматтарды денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін жалған ақпараттан қорғау бойынша маңызды нормалар енгізілді;
- ана, бала және отбасы институтын қолдау күшейтілді;
- медицина ғылымы мен технологияларын дамыту үшін жағдайлар жасалған.
Жаңа Конституцияның қағидаттарына сүйене отырып, біз заң мен тәртіптің, кәсібиліктің, жасампаз еңбек пен прогрестің құндылықтарын нығайта отырып, орталығында адам, оның өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты бар мемлекет құруды жалғастырамыз.

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев