Уақыт адамға берілген аманат, оның өлшемі құнсыз. Өткен күн қайтып келмейтіні белгілі. Сондықтан адам өмірі үшін уақыт маңызды. ⠀ Қолда барда қадірін білмейтін тағы бір құнды нәрсе - денсаулық. ⠀ Бос өткен уақытыңыз үшін, кезінде денсаулығыңызды күтпегеніңіз үшін өкінбес үшін, әр нәрсені өз уақытында қадірлей біліңіз💛
Comments 24
Likes 513
🚘 БІЛГЕНІҢДІ ІСТЕУ ⠀ 🔻Кристиан фон Кёнигзегг деген кісі бар. Бұл жалғанда. Сағатына 500 шақырым жылдамдықпен зулайтын мәшине құрастырады. Компаниясы да өз фамилиясында - Кёнигзегг. Кенжебек деген секілді ғой) Сонымен, бұл адам мені несімен шабыттандырды? ⠀ 🔻Өзі Швецияда туған, сонда тұрады. XII ғасырдан рыцарь болған текті әулеттен шыққан. Туғаннан техникаға жақын болған да, бұл қалай жұмыс істейді екен деп үйдегі тостерден бастап, бейнемагнитофон, мопедке дейін шашып тастайды екен. Әке-шешесі ығыр болған шығар, ә? Содан бес жасында «Гран-при» деген мультфильм көрмей ме? Бір велосипедшінің мәшинә жасап шығып, жарысқа қатысқаны туралы. Осы оқиға балаға қатты әсер етеді де, мәшине жасаймын деп шешеді. Оған дейін музыкалық плеердің жаңа түрін ойлап тапқан, ешкімге ол идеясын сата алмайды. Паркетті еденге төсеудің желімсіз тәсілін ойлап шығарады. Оны да ешкімге түсіндіре алмайды. Тіпті ламинат шығаратын зауыты бар өгей әкесі де сенбейді. Ақыры ол жаңалығын бір компания ұрлап әкетіп, осылай еден салу тарап кетті. Жарайды, мұның бәрі ерунда. ⠀ 🔻Есейе келе әлемдегі ең жылдам көлік жасасам деген арманына қайта келеді. Ой, кетші, кім нені армандамады? Мен ғарыш кемелерінің конструкторы болсам ба дегенмін. Қазір ғарыш қайда, мен қайда? Миллиондаған бала мәшине құрастырсам деп армандайды, соның қаншасы көлігін жасап шықты? Ал Кёнигзегг 22 жасында-ақ суперкар жасап шыққан. Жасау жарайды, сатқан. Ал суперкар деген, қалай айтсам болады, Ravon жасау емес, Бугатти, Феррарилермен теңесетін, одан озатын көлік қой. ⠀ 🔻Сосын ойлап қараңызшы, сен туғанша әлемдегі ең тамаша көліктердің бәрін жасап тастаған. Феррари, Ламборджини, Бугатти, Пагани, МакЛарен.. Ал келдің бұл ортаға, немен таң қалдырасың? Бірақ, Кристиан қайтпайды. Компаниясын ашуға ақшасын салған. Сосын Швецияның өкіметінен $500 000 субсидия алған. Қарасаңызшы, мемлекет те қалай қарайласқан, ә? Екі жылда жоспарлаған алғашқы мәшинесі сағатына 385 шақырым жылдамдықты алған! Тағы да қайталап айтамын, бұл кезде ол 24-те.. Осы алғашқы көлігі 2003 жылы әлемдегі ең жылдам көлік атағын алады. Тағы да қайталап жазамын, бұл әншейін бірінші көлігі.
Comments 9
Likes 505
Талай дәмдес болған, жақсы сыйласатын, жаны жайсаң ағамыз Бейсен Құранбектің ауыр қазаға ұшырағанына байланысты қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын...Иманды болыңыз аға...Елін сүйетін, елі сүйетін ер еді...Адамнын ар-намысына тимей-ақ рейтинг көтеруге болатынын осы кісіден көрдік... Өсек-төсекті қопармай-ақ атақ абырой жинауға болатынын дәлелдеген асыл адам...Журналистік парасатының жоғарылығы соншалықты бір ұсақталғанын көрмедік... Сіз туралы естелік жазам деп кім ойлаған...😭
Comments 51
Likes 562
💫Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрімнің түсірілуі. ⠀ 💫 Ұлық түн. Басқа түндер Қадір түніне сәйкес келмейді. Бірдей бола алмайды да. ⠀ 💫 Құлшылық түні. Қадір түні тұтас бір ғұмырды қамтитын қасиетке ие. Бұл турасында Имам Куртуби: «Аяттағы мың айдан да қайырлы» деген сөз «бүкіл заман» дегенді білдіреді. Өйткені, арабтар шексіздікті білдіру үшін «мың» деген сөзді қолданады», - дейді. ⠀ Қадір түніндегі ғибадаттың сауабы сексен үш жылға тең келетіні жайлы ғұлама Жазайири: «Қадір түні – сөзсіз ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті. Ол түні Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, осы түнді құлшылықпен өткізген адамға сексен үш жыл ғибадат еткеннің сауабы жазылады», ‒ деп баяндайды. ⠀ 💫Бұл түнде шайтандар болмайды. Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде бұл түні күн шыққанға дейін шайтандар болмайтынын айтқан. Ибн Аббастың: «Бұл түні жындарды кісендеп, үлкен жындарды қамап тастайды» деген сөзі бар. ⠀ 💫 Періштелердің бәрі, Жәбрейілдің өзі Алла Тағаланың қалауы бойынша жерге түсіріледі. «Қадір» 4аят ⠀ «Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірі үшін періштелер мен Рұх (Жәбрейіл) түседі» делінген. ⠀ 💫 Бұл түнде амандық, тыныштық салтанат құрады. Әсіресе, иманды адамдар жамандық атаулыдан аулақ болады. ⠀ 💫Бұл түн мүбәрак кеші, яғни береке кеші. Алла Тағала «Духан» сүресінің 3-аятында: ⠀ «Біз Құран Кәрімді мүбәрак болған түнде түсірдік» дейді. ⠀ 💫 Күнәлар кешіріледі. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім де кім осы түнде Аллаға иман келтіріп, сауабынан үміттеніп, құлшылық ететін болса, Алла Тағала оның бұрынғы істеген барлық кінәларын, кемшіліктерін, қателіктерін кешіреді» - деген. ⠀ 💫 Бір жылдық тағдыр жазылады. Кімде кім бұл түннің мол сауабынан құр қалатын болса, ол барлық жақсылықтан ада қалды деп есептелінеді. Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: ⠀ «Сендерге Рамазан айы келді. Ол - мүбәрак ай. Алла Тағала сендерге оразаны парыз етті. Рамазанда жаннаттың есіктері ашылады. Тозақтың есіктері жабылады. Шайтанды Алла кісендеп тастайды. Рамазанда бір түн бар. Ол мың айдан артық. Кім одан құр қалса, барлық жақсылықтан құр қалады» - деген.
Comments 14
Likes 510
Джеки Чанның Қазақтарға Сәлемі.
Comments 4
Likes 498
Жасы 40-тар шамасындағы әйел аты жаман ауруға (рак) шалдығады. Өзіне күтім керек болғандықтан бір қызды үйіне қызметші етіп алған екен. Бірер күннен соң әйел әлгі қыздың дәретханаға жиі кіргіштейтінін байқайды. «Темекі тартады-ау», - деген ойға қалған әйел қызды шақырып алып ол ісінің дұрыс емес екенін ескертіп, аналық ақыл айтпақ болады. Алдымен не себепті дәретханаға жиі кіре беретіндігін сұраған-ды. Сонда қыз көздеріне жасы толып тұрып: - «Әпке, менің өз қаламда жаңа туған сәбиім қалды. Отбасымды асырау үшін осында келдім. Дәретханаға кіріп омыраудағы сүтімді сауып тастаймын. Бұл үшін сізден қатты ұяламын, айып етпеңіз», - деп жылап жібереді. . Қызға қатты жаны ашыған әйел қолына көп ақша ұстатады да: - «Бар, балаңа бар, қызым. Оны өсіріп, емшектен шығарған соң ғана қайтып келерсің, оған дейін басқа біреуді көмекшім етіп ала тұрамын», - деп ұшаққа билет алып беріп үйіне қайтарады. Қыздың жайы жанына қатты батады. Арада біраз уақыт өтеді. Әйел ауруханаға барып тексеруден өтеді. Бірақ рактың ешбір ізі де байқалмайды. Дәрігерлер сенбестен әйелді қайта-қайта тексеруден өткізеді. Дұрыс. Ешбір ауру жоқ. Барлығы бұған таңқалады. Ал әйел көз жасына ерік беріп іштей Жаратушыға шүкіршілік айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ауруларыңды садақамен емдеңдер» дегенін күбірлеп қайталап тұрады… Иә, расында Алла тағаланың құдіретінде шек жоқ. Ауруды өзі берген Алла өзі алады. Тек оған сеніп, дұға жасап, тек ізгі амалдар орындап жүрсек бізді Өз мейіріміне бөлейтіні анық.
Comments 8
Likes 533
😴😴😴😴😴😴😴 Ұйықтаған кезде бастырылып немесе қорқынышты түс көре берсеңіз онда мына нәрселерді жасаңыз.👇👇👇 ☝️ ⠀ ҰЙЫҚТАР АЛДЫҢДАҒЫ АМАЛДАР 📍1.Мүмкіндік болса ұйықтар алдында жуыну керек немесе дәрет алып жату керек.🛁🧼 📍2.Жамылатын көрпені және төсенішті үш рет қағып, қолымен " бисмиллә " деп сілкіп жіберу қажет, себебі онда түрлі қиқым, лас нәрселер болуы мүмкін.🛏📍3.Шалқадан емес оң жақ бүйіріне бұрылып, қолын басына жастап жату керек.🌸 📍4.Алла елшісі оқыған дұғаны оқу: «О Аллам, Сенің атыңмен ұйқыға жаттым және Сенің қалауыңмен оянамын. Егер менің жанымды алсаң онда оған рақымшылық жаса, ал егер жіберсең онда оны қорға».🤲 📍5.Сондай-ақ, «Аятул Күрсі», «әл-Ықылас», «әл-Кафирун», «әл-Фалақ», «ән-Нас» сүрелерін үш реттен оқыған абзал, содан кейін алақанға түкіріп, бүкіл денеден жүргізіп өту қажет.🙌 📍6.Пайғамбар таңғы намаздан кейінгі және күн батар алдындағы намаздан бұрын ұйықтағанды жақтырмайтын. Себебі бұл уақытта Алланың ризығы жіберіледі.🙅‍♂️ 📍7.Оянғаннан кейін бетті қолмен жуып, Алланы еске алып, дұға оқу қажет: «Аллаға шүкір, ұйықтағаннан кейін тірілткен Аллаға шүкір, және Оған қайтамыз».🧼 ⠀ ➡️Әбу Хурайра Алла елшісінің: «Әркім ұйықтаған кезде шайтан оның желкесінде үш түйін байлап тастайды... ⠀ 💫Егер адам оянып, Алланы есіне алса, бір түйін шешіледі. 💫Адам жуынғанда екінші түйін шешіледі. 💫Егер адам дұға жасаса үшінші түйін шешіледі»-дегенін жеткізген. Сонда адам сол таңға риза болып тұрады. Барлық құқықтары қорғалған.
Comments 10
Likes 533
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!💐 ⠀ Бір шаңырақтың астындағы халық достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғаса берсін! ⠀ Достығы пен ынтымағы бейбіт елдің парасатты тұлғасы болайық✊🏼 ⠀ Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Comments 3
Likes 695
Абая - Ленина в 90-ые и сейчас
Comments 2
Likes 51
Ал, көрейік!
Comments 10
Likes 28
QAZAQSTAN       DA
31 Aug 2020
Уақыт адамға берілген аманат, оның өлшемі құнсыз. Өткен күн қайтып келмейтіні белгілі. Сондықтан адам өмірі үшін уақыт маңызды. ⠀ Қолда барда қадірін білмейтін тағы бір құнды нәрсе - денсаулық. ⠀ Бос өткен уақытыңыз үшін, кезінде денсаулығыңызды күтпегеніңіз үшін өкінбес үшін, әр нәрсені өз уақытында қадірлей біліңіз💛
Show more

About group

Address:
astana, Nur-Sultan, Kazakhstan
Photos from albums

Links to groups

Link to the group has been deleted
Link to the group has been deleted
59 053 participants
Link to the group has been deleted