АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер
ҚР Ұлттық ядролық орталығының объектілеріне барып қайтты
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күні АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне барып, атом энергетикасын дамыту саласындағы және ядролық қаруды таратпау мәселелерін шешудегі қазақстандық-америкалық ынтымақтастық шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.
Атап айтқанда, БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын тасымалдау және сақтау жөніндегі бірегей жобаны іске асыру, объектілердің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау бойынша ағымдағы жұмыстармен танысты.
Артынан