Кеше қалалық С. Дөнентаев Мәдениет Сарайының сахнасында Қазақстан Халық әртісі Мақпал Жүнісованың керемет ән кеші өтті. Әнші шығармашылық кешінде әсем ән шырқап қана қоймай, халықпен сырласып, үлкендердің ақ батасына бөленді. Ән кешіне сонымен қатар әнші, сазгер Ержан Белғозиев те ән шырқады.