Алғашқысы қала бойынша жол жиегінде өте көп, ал екіншісі шлагбауммен жабдықталған, әдетте олар бизнес-орталықтардың немесе СОО-ның қасында орналасады.
Алаңдық тұрақтарды пайдалану оңай: кірген кезде шлагбаумның жанынан талон аласыз да, шығатын кезде паркоматқа қажетті соманы төлейсіз.
Тротуарлық тұрақтағы тәртіп өзгеше – алдын ала төлем жасау қажет. Бұл жағдайда паркоматты іздеп жүрмес үшін, ең ыңғайлысы – Kaspi.kz мобильді қосымшасында AParking тұрағынның ақысын төлеу: https://kaspi.kz/pay Сіз жай ғана автомобильдің нөмірін, тұрақ аймағының кодын, тұрған уақытын минутпен көрсетесіз. Айтпақшы, машинаның нөмірін бір рет енгізсеңіз жеткілікті – Kaspi.kz оны есте сақтап қалады да, келесі рет төлем жасағанда автоматты түрде толтырады.
Мүгедектер мен ардагерлерге, сондай-ақ электромобильдердің иелеріне жеңілдіктер бар – тұрақ тегін. Бірақ бұл жағдайда Aparking көлікті өзінің деректер базасына енгізуі керек. Бұл үшін Aрarking офисінде немесе электрондық пошта арқылы машинаны базаға енгізу туралы өтініш жазып, мына құжаттардың көшірмелерін беру керек: жеке куәлік, техпаспорт пен жеңілдік алуға құқығын растайтын құжат.
Төлемегені үшін айыппұл 3 АЕК-ні құрайтынын ұмытпаңыз. Kaspi.kz қосымшасында AРarking дербес шотына ақша салуға және 3 000-нан астам қызмет түрлерінің ақысын, соның ішінде ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұл, коммуналдық қызмет ақысын, интернет, телефон мен өзге де қызмет ақысын төлеуге болады: https://bit.ly/2LWH8iJ Тұрақ ақысын Kaspi-мен бірге комиссиясыз төлеңіз!
Kaspi.kz Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе перечислят 20 миллиардов тенге для помощи казахстанцам, пострадавшим при паводках.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев