Kaspi.kz
Михаил Ломтадзе былайша түсіндірме берді:
«Сауалнамаға қатысқан барлық адамға және зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына рақмет айтамын. Біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту мақсатында инновациялық өнімдер мен сервистерді жасауда және дамытуда бас көтермей жұмыс істеп жүрген керемет командамыздағы әр адам бұл марапатқа лайықты. Бірге жұмыс істей отырып, біз бір-бірімізден үйренеміз, үнемі дамып, жақсара түсеміз».
Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан 68 ірі қазақстандық компания қатысты. Респонденттер Kaspi.kz басшысын елдегі алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда көшбасшы деп атады, сондай-ақ оның бейімделгіш, стратегиялық пайымы және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерін атап өтті.
PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 23 жыл, соңғы 8 жыл — Қазақстанда жүргізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы пікірін бағалау, бизнесті дамыту үшін тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.
Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында, ал ішінара Forbes Kazakhstan-ның маусым айындағы нөмірінде танысуға болады.
Kaspi.kz Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе перечислят 20 миллиардов тенге для помощи казахстанцам, пострадавшим при паводках.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев